Алматыда басталған OCTAGON 62 турнирінде кезекті жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта Қазақстанның екі өкілі 22 жастағы Эмиль Асратов (1-1) мен 35 жастағы Айдос Айнабеков (1-0) сынға түсті.

Төреші жекпе-жекті бірінші раундтың соңғы минутында тоқтатты, бұл кезде Айнабеков қарсыласынан басым болды, ал Асратов өзін қорғау мүмкіндігінен айырылып қалған еді.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink