Премьер-лиганың 18-турындағы «Жеңіс» пен «Астана» арасындағы матч 29 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Алғашында матч 25 тамызға жоспарланған болатын, алайда «Астананың» УЕФА Конференция лигасындағы қатысуына байланысты ойын кейінге қалдырылды.

Бұл туралы «Жеңіс» клубының баспасөз қызметі хабарлады.