Алматыдағы OCTAGON 62 ивенті аясында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіліп көрмеген файтерлері арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Prosports.kz

Жартылай орта салмақта Өзбекстан өкілі Абдулазиз Мұстафаев (1-0) қазақстандық Мұратжан Юсуповпен (2-0) сынға түсті.

Бірінші раунд белсенді өтті, ал екінші кезеңде Юсупов қарсыласына соққы жаудырып, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталуға жақын болды. Үшінші раундта Юсупов үстемдігін жалғастырып, Мұстафаевты ауыр соққыларымен сынады, бірақ соңында өзбекстандық файтерін шабуылын мүлт жіберіп ала жаздады. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Юсупов жеңіске жетті.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink