Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде кезекті жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен тағы екі салмақ дәрежесінде спортшыларымыз қола медальға таласады.

Атап айтатын болсақ, 61 келідегі Жайдар Мұқат кіші финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы - түркиялық Өзденур Өзмез.

Сонымен қатар, 46 келідегі Медина Қуанышбек те әлемдік доданың қола медалі үшін күреседі. Қазақ балуанының қарсыласы - украиналық Евгения Друзенко.

Естеріңізде болса, әйелдер күресінен екі балуанымыз аталған чемпионатта қола медаль жеңіп алған болатын. Анна Стратан (57 келі) мен Ұлдана Тілеухан (65 келі) үздіктер қатарына енді.