23 тамызда Ереванда AMC Fight Nights 124 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта Давид Хачатрян Әділ Боранбаевпен кездеседі.

Турнирде сондай-ақ тәжірибелі армениялық файтерлер Акоп Степанян, Армен Торосян, Тарон Григорян, сондай-ақ 14 айда төрт жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен «Ингуш Халкы» лақап атымен танымал файтер Бабули Цолоев өнер көрсетеді.

Бастапқы кард жекпе-жектері Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Турнирдің тікелей трансляциясын жұма күні «Udar» телеарнасынан көруге болады.