Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді.

Қазақстандық теннисші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және болашақта оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», деді Рыбакина.

Е.Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 180-орында тұрған аустралиялық Дестани Айявамен ойнайды.