Қазақстандық велошабандоз Данияр Шаяхметов велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда жеңімпазға +0,026 секунд ұтылып, Шаяхметов екінші орын алды.

Айта кетейік, Луоянда (Қытай) велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир 21 тамызда басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.