Қазақстан теннисшісі Анна Данилина Монтеррейде (Мексика) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сында ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Данилина К.Питер (Польша)/О.Калашникова (Грузия) дуэтін екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч 1 сағат 11 минутқа созылды.