Қазақстандық велошабандоз Данияр Шаяхметов велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгiн шабандоз кейрин дисциплинасындағы өнерін бастады. Шаяхметов финалда жеңімпаздан +0,026 секундқа қалып, екінші орын алды.

Айта кетейік, Лоянда (Қытай) велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир 21 тамызда басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.