Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын өзбекстандық Баходир Жалоловтың бапкері Толқын Қылышев қазақстандық боксшы Иван Дычко туралы пікір білдірді.

- Иван Дычко бабында тұрған кезде біздің жас әрі болашағынан үлкен үміт күттірер ауыр салмақтағы боксшымыз Жалоловты жеңген еді. Ол кезде Жалолов ересектер санатына жаңадан қосылған болатын. Мен Дычконы сыйлаймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Егер жекпе-жек өтетін болса, онда Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Боксты түсінетіндердің барлығы Жалоловтың қазіргі деңгейін біледі, - деді Толқын Қылышев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.