«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері міндетін уақытша қазақстандық маман Александр Кучма атқарады.

Бұған дейін шымкенттік клубта дене даярлығы қызметін атқарған Александр Кучма жаңа бас бапкер келгенше оның міндетін атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін бас бапкер қызметін атқарған Беларусь маманы Александр Седнев қызметінен өз еркімен кетті.