Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 200-ге жуық мергендер Жетісу облысында бас қосты. Бұл жарыстан Шымкент қаласының мергендері де тыс қалмады.

Жалпы командалық есепте жарыс қожайындары Жетісу облысы алтыннан алқа тақты.

Екінші орынды Шымқаланың сұрмергендері иеленді.

Үздік үштікті Ақмола облысының мергендері тұйықтады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!