«Қызылжардың» хорватиялық 34 жастағы қорғаушысы Зоран Нижич алдағы премьер-лиганың 18-туры аясындағы «Елімайға» қарсы ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лиганың 17-туры аясындағы «Қайратқа» қарсы ойында (0:1) Зоран Нижич екі ескерту үшін алаңнан қуылды. Ол алдағы «Елімайға» қарсы кездесуге қатыспайды. Жалпы, хорватиялық маусымдағы чемпионатта 13 кездесу өткізіп, бір гол соқты.

Айта кетейік, «Елімайға» қарсы матчқа жартылай қорғаушы Рожерио Алвес Дос Сантос та қатыспайды.