22 тамызда Астанада жолдастық кездесу өтеді, онда Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан - Тәжікстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі кейінгі матчта Румыния құрамасын сырт алаңда (2:0) ұтқан болатын.