Бүгін, 22 тамызда аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек ProBox-тың кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (АҚШ) өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Дычко кейінгі жекпе-жегін маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) өткізіп, жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтені (13-11, 7 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.