Екінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 тамыз күні таңертең Дычко Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін ProBoxTV-тің бокс шоуына қатысады. Оның қарсыласы америкалық боксшы Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болады. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Кештің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 03:30-да басталады. Трансляцияны Pro Box TV YouTube арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде екінші орта салмақта бұрынғы екі әлем чемпионы - америкалық Джарретт Херд пен доминикандық Джейсон Росарио кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Дычко кейнгі жекпе-жегін былтыр маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) өткізіп, онда ол жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтені (13-11, 7 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша суперауыр салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.