Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деп өзіне тағылған айыпқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бүгін таңертеңнен бері миллион хабарлама алдым! Бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеймін! Таза жала! Ал жалған әрі сенімсіз ақпарат таратқаны үшін тіпті баспасөзді де сотқа бермек ниеттемін», — деп жазды Тұраров Instagram парақшасында.

Ол сондай-ақ үш қыздың әкесі екенін және «егер сізге жыныстық қатынас үшін әйел керек болса, зорлық-зомбылықсыз келісетіндер бар» деп атап өтті.

«Бұл қандай жала екенін түсінбеймін, қазір барлық мән-жайды анықтап жатырмыз. Бірақ мені жамандап, атыма күйе жаққан адамды міндетті түрде табамын», - деді Тұраров.