Қазақстандық кәсіпқой боксшы Берікбай Нұрымбетов (8-6-1, 3 КО) шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрымбетовтың келесі жекпе-жегі 28 тамызда Грозныйда (Ресей) өтеді. Қарсылас жергілікті боксшы Ризван Елиханов (14-1, 13 КО) болмақ. Орта салмақтағы екінші жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Берікбай Нұрымбетов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың ақпан айында өткізді.