Қазақстандық Зарина Дияс (WTA рейтингінде 581-орын) US Open квалификациясын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің бірінші матчында Дияс қытайлық Ма Есинмен (223-орын) кездесіп, екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қарсыластар кортта 1 сағат 27 минут өткізді.