Альваро Мората әйелімен «Миланға» ауысқаны үшін ажырасқан, деп хабарлайды Prosports.kzФутболшының әйелі Аличе Кампелло Италияға еріп барғысы келмеген. Өзі италиялық бола тұра, бұл трансферді қаламаған көрінеді. Бұған дейін ажырасу себебін «түсінбестік» деп түсіндірген еді. Футболшы мен италиялық модель 2016 жылы танысқан. Араға бір жыл салып үйленген еді. Арада 1 қыз, 3 ұл бар.Мората осы жазда италиялық клубқа ауысқан еді. «Миланда» дебюттік ойынын өткізіп, бірінші голын соғып та үлгерді