Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC жаңартылған рейтингіндегі позицияларын білді, деп хабарлайды Prosports.kzUFC барлық салмақ дәрежелерінде жауынгерлердің рейтингтерін жаңартты. Қазақстан жауынгерлері Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмонов өз позицияларын сақтап қалды.Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта ешқандай өзгеріс болмады. Чемпиондық атағын Билал Мұхаммед сақтап қалды. Үздік үштікке Леон Эдвардс, Камару Усман және Шавкат Рахмонов кірді.Бірақ Алмабаев өнер көрсететін ең жеңіл салмақта өзгерістер орын алды. 19 қазанда Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізетін Матеус Никола жетінші орынға көтеріліп, Стив Эрцегті ығыстырды.Бұл салмақтың чемпионы Алешандре Пантожа. Үздік үштікте Брэндон Ровал, Брэндон Морено және Амир Альбази. Асу Алмабаев 14-ші орында.