Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2024 турнирінде өнер көрсететін киім үлгісін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kzUS Open-2024 турнирі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Теннис жабдықтарын өндіруші "Yonex" компаниясы Рыбакинаға арналған жаңа форма жиынтығын әзірлеген. Форма ашық қызғылт және күлгін түстерде жасалды. Ракеткалар киімнің түстерін айқын көрсету үшін ақ түсті болады.