«Барселонаның» 33 жастағы жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган әлеуметтік желіде Германия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Құрметті Германия футболы, бірнеше апта бойы ой жүгірткеннен кейін ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтайтын кез келді деп шештім. Өз елім үшін 82 ойын өткізгенімді мақтанышпен еске аламын, бұны 2011 жылы команда сапында дебют жасаған кезде ешқашан армандамаған едім. Мен үшін Еуропа чемпионатында капитан ретінде команданы басқару үлкен мәртебе болды. Бірақ турнир алдында шаршағанымды сездім, клубтық және ұлттық деңгейдегі матчтар аз емес. Германия құрамасының жанкүйері болып қала беремін және өсу үрдісін жалғастырамыз деп сенемін. Бізде фантастикалық жаттықтырушы, өте күшті команда және тамаша командалық рух бар», - деп жазды футболшы.

Кейінгі Еуро-2024-те Германия құрамасы ширек финалда Испаниядан жеңіліп қалды (1:2).