«Брайтон» «Лидс Юнайтед» шабуылшысы Жоржиньо Рюттерастың ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы франциялық «Брайтонмен» 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Рюттер «Брайтон» тарихындағы ең қымбатқа сатып алған ойыншы болды. Трансфер сомасы шамамен 40 миллион фунт.

2023/24 маусымында Рюттер «Лидс» сапында 51 матч өткізіп 8 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.