Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open іріктеу кезеңінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге франциялық-мексикалық Амандин Эсс/Виктория Родригесті 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева Эрика Андреева (Ресей) / Мария Лурдес Карле (Аргентина) - Оксана Калашникова (Грузия) / Катажина Питер (Польша) жұбының жеңімпазымен кездеседі.