Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 136-орын) US Open іріктеу кезеңінің екінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 136-ракеткасы Кукушкин аргентиналық Марко Трунгельитиден (No141 ATP) 6:1, 4:6, 6:7 (6:10) есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 3 сағатқа созылды.

Айта кетейік, теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінің негізгі топтамасындағы жарыс 26 тамызда басталады.