Шабуылшы Лионель Месси Аргентина құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу матчтарының өтініміне енбеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы өтінімді Аргентина футбол федерациясының баспасөз қызметі жариялады. Тізімге жалпы 28 ойыншы енді.

Матчтар 6 және 10 қыркүйекте өтеді - Аргентина құрамасы Чили және Колумбиямен кездесу өткізеді.

Алты тур қорытындысы бойынша Аргентина құрамасы 15 ұпаймен іріктеу тобында көш басында тұр.