Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев 21 қыркүйекте Алматыда Irfin Promotiom бокс кешінде қырғызстандық Сардар Ақышевпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Санатәлі Төлтаев — Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі, Әлем чемпионатының қатысушысы және әуесқойлар арасында Азия жүлдегері.

24 жастағы спортшы кәсіпқой мансабында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қарсыласы Сардар Ақышев кәсіби рингте 12 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетті (8 — нокаутпен) және бір рет жеңіліске ұшырады. 31 жастағы спортшы — бокстан Қырғызстанның бірнеше дүркін чемпионы.