Елордалық «Барыс» командасының қатысуымен Ресейдің Омбы қаласында өтетін Блинов кубогының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.

«Барыстың» ойын кестесі (Астана уақытымен):

21 тамыз. 18:30. «Авангард» - «Барыс»

22 тамыз. в 14:00. «Барыс» - «Сибирь»

24 тамыз. 14:00. «Трактор» - «Барыс»

25 тамыз. 11:00. «Барыс» - «Локомотив».

Еске салсақ, былтыр «Барыс» шайбалы хоккейден Блинов турнирінде жеңімпаз атанды.