Назым Қызайбай бокстан өз атын Қазақстан тарихына жазғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай өзінің болашаққа жоспарымен бөлісті.

«Әлемнің үш дүркін чемпионы болып, тарихқа енгім келеді. Біздің бокста әлі үш дүркін әлем чемпионы жоқ, екі дүркін чемпион атанған тек мен және Серік Сапиев. Одан бөлек, Парижде Олимпиадасында алтын алғым келді, өкінішке қарай бұл арман орындалмады», - деді Қызайбай.

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.

Ол 2012 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар 2014 және 2016 жылдары өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды.