QFL Премьер-лигасы айдың үздік ойыншысы мен бапкерін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті.

Шілде айының үздік ойыншысы ретінде «Қайрат» клубының сұрмергені Жоао Пауло танылды. Ол өткен айда алматылық команда сапында екі матчқа қатысып, екі мәрте көзге түсті. Ал шілде айындағы үздік бапкер атағаы 41 жастағы Александр Кержаковқа бұйырды. Оның баптауымен шілде айындағы екі кездесуде де жеңілмей, QFL Премьер-лигасының турнир кестесінде ТОП-3-те қалды.