Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Рауан Бекболат Brave Combat Federation турнирінде украиналық спортшыны жеңіп, чемпиондық белбеуге үміткер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рауан Бекболат Пәкістанда өткен Brave Combat Federation тұжырымының турнирінде 66 келі салмақта жекпе-жек өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Отандасымыз турнирдің басты жекпе-жегінде 10 жыл бойы жеңілмей келе жатқан және чемпиондық белбеуге басты үміткер болған украиналық Омар Соломоновқа қарсы жұдырықтасып, үшінші раундтың соңына қарай қылқындыру әдісімен басым түсті. Сөйтіп, Рауан Brave Combat Federation ұйымындағы дебютті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, рейтингте бірден бірінші орынға шықты.

Айта кетейік, Рауан Бекболат шаршы алаңда 15 жекпе-жек өткізіп, соның онында жеңіске жетсе, үш рет ұтылып, екі рет тең түскен. Ал Омар шаршы алаңда соңғы рет 2014 жылы жеңіліске ұшыраған.