Astana Qazaqstan Development Team командасының велошабандозы Ильхан Достиев «Румыния туры» велокөпкүндігінде жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

«Жеңісіке жеткеніме қуаныштымын. Жарыс басталғанда-ақ, бабымда келгенімді сездім. Үш жейдеге қол жеткізгенім қуантады. Сондай-ақ, біздің бүкіл команданың үлкен жұмыс атқарғанын айтқым келеді. Бұл маусым өте тартысты өтті, енді әрі қарай да осы қарқынмен жалғастырамын», - деді Достиев.

Жалпы есепте Ильхан Достиев жеңіске жетсе, оның командаласы Давиде Тонеатти екінші орынды иеленді.