Беларусь маманы Александр Седнев «Ордабасыдан» ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Александр Седнев шымкенттік клубтың тізгінін 2021 жылдан бері ұстап келеді. Былтыр команда өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.

Сондай-ақ 2022 жылы «Ордабасымен» Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Биыл еурокубоктағы жорығын Чемпиондар лигасында бастап, онда Молдованың «Петрокуб» (1:0, 0:0) командасына есе жіберді. Одан кейін Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің «Дифферданж-03» командасын (4:3, 0:1) тізе бүктірсе, үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюник» командасына (0:1, 0:1) жеңіліп қалды.