Боксшы, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді.

Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың артынан кетеді екен деген ақпарат тарап жатыр. Мәселенің мәнін білу үшін әлем чемпионының өзіне хабарластық.

«Қоғамда неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Желіде тараған ақпарат жалған. Мен боксты қойған жоқпын» —деді Сәкен Бибосынов.

Ал, желідегі ақпаратқа бүгінде оқырмандар түрлі пікірлер жазып жатыр. Олардың ішінде Сәкенді кіналағандар да, қолдағандар да бар.