Шымкенттік «Ордабасы» 51 жастағы беларусь маманы Александр Седневтің негізгі құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Шахтерге» қарсы кездесу оның «Ордабасы» тізгініндегі соңғы кездесуі болды. 51 жастағы маман клубты 2021 жылдың қаңтарында басқарды. Оның жетекшілігімен шымкенттіктер 129 кездесу өткізіп, оның 63-інде жеңіске жетіп, 28 кездесуде тең түсіп, 38 рет қарсыластарына есе жіберген.