Қазақстандық теннисші Анна Данилина Монтерей қаласында (Мексика) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық израильдік теннисші Лина Глушконы екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кетейік, бұған дейін Данилина іріктеуде норвегиялық Ульрикке Эйкериді (634-орын) жеңген болатын.