Лондонда ағылшын премьер-лигасы бірінші турының матчы өтіп, онда «Челси» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде «Манчестер Сити» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Гол соққандар: Э. Холанд 18, М. Ковачич 84.

Осылайша, «Манчестер Сити» Англия чемпионатының жаңа маусымын жеңіспен бастады, ал «Челси» өз алаңында бірінші ойында жеңіліске ұшырады.

Премьер-лиганың екінші турында «Челси» сырт алаңда «Вулверхэмптонмен» кездеседі. Ал «Манчестер Сити» өз алаңында «Ипсвичті» қабылдайды.