Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында финалда Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада» (Тольятти) командалары кездесті.

Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Трой Джозефс 6-минутта мергендік танытса, оған елордалық клубтан Әлихан Әсетов 22-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Ойынның 29-минутында «Лада» сапынан Денис Баранцев жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша ресейлік клуб 2:1 есебімен басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.