Ақтөбелік депутат Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 млн теңгеден табыстады.

Ербол Сейілхан есімді журналистің Facebook-тағы парақшасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, депутат мәрттік жасап, спортшы мен оның бапкеріне бағалы сыйлық жасады.

- Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын, - деп жазды ол.