2022 жылы Жәнібек Әлімханұлынан жеңіліп қалған британдық боксшы Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Лондонда өткен бокс кепшінде ол жерлесі Деррик Осазені (13-2, 3 КО) екінші раундта ұрып құлатқан.

Бірінші раундта боксшылар негізінен барлау жұмыстарымен айналысып, жойқын соққылармен алмасқан жоқ. Ал, екінші раунд Осазенің өрескел қателігінен соң аяқталды. Қолын түсіріп, қорғанысты бір сәтке ұмытқаны сол екен, Бентли алдымен ауыр апперкотын дөп тигізіп оны есеңгіретсе, артынша оң қолмен жасалған хук жекпе-жек тағдырын шешіп тастады.

Осылайша, Дензел Бентли жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп қана қоймай, WBO International белбеуін беліне тақты.