14-18 тамыз аралығында Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы XIII халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағат 13:00-де Qazsport телеарнасында астаналық «Барыс» пен Хабаровскінің «Амур» командалары ойнайтын үшінші орын үшін матчтың тікелей трансляциясы басталады.

Финал 17:00-де басталады - Қазақстан құрамасы мен Тольяттидің Ладасымен кездеседі. Бұл ойынның тікелей трансляциясын да Qazsport телеарнасы ұйымдастырады.