Жексенбі, 18 тамызда Перт қаласында (Австралия) UFC 305 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты кездесуінде сегізбұрышта орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плессис пен бұрынғы титул иегері Израиль Адесанья кездесті.

Жекпе-жек төртінші раундта Ду Плессистің жеңісімен аяқталды.

Бұл Дю Плессистің UFC-дегі бірінші титулды қорғауы және бірінші жеңісі болды.

Жалпы, аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында Адесанья осы уақытқа дейін 28 жекпе-жекке қатысып, оның 24-інде жеңіске жетті (16-сын нокаутпен) және төрт рет жеңіліске ұшыраған. Дю Плессистің қазір 22 жеңісі (тоғызы нокаутпен) және екі жеңілісі бар.