Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай түрік мергені Юсуф Дикечтің образын қайталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті боксшының оқ атып жатқан сәтінің фотосын жариялады.

Сурет: olympic.kz

Еске салайық, Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Ерлер арасында 80 келі салмақта финалда жұдырықтасқан Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.