Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында самбодан Әлем Кубогы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күні спортшылар 12 салмақта жүлдеге таласты. Қазақстан командасының самбошылары 1 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды. Олар:

Күміс жүлдегер – Серікбай Нығмет (спорттық самбо, 71 кг);

Қола жүлдегерлер – Маржан Бизақ (59 кг), Айнұр Төребай (59 кг), Асылжан Орынбасарова (65 кг), Аружан Сатова (65 кг), жауынгерлік самбо – Маратбек Рахметоллин (64 кг), Бақытжан Дүйсембеков (79 кг), Қанағат Мағмұр (98 кг):

Енді 2-жарыс күні қалған 14 салмақтың жүлдегерлері белгілі болады.