Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогы финалында Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада» (Тольятти) командалары сынға түседі.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

17 тамызда қазақстандық хоккейшілер Ресейдің «Амур» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ел құрамасынан Михаил Рахманов, Андрей Буяльский и Кирилл Панюков мергендік танытса, оған ресейлік клубтан Александр Брынцев бір голмен жауап қайырды.

Ал елордалық «Барыс» «Лада» клубына 3:4 есебімен есе жіберді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Нәтижесінде «Лада» 6, Қазақстан олимпиадалық құрамасы 4, «Барыс» 3 ұпай жинаса, «Амур» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ.

Енді финалда 18 тамызда Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада», 3-орын үшін «Барыс» пен «Амур» кездеседі.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.