«Ренннің» жартылай қорғаушысы Дезире Дуэ ПСЖ сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

RMC Sport мәліметінше, париждіктер 19 жастағы талант үшін (бонустарды есептемегенде) 50 миллион еуроға жуық ақша төлеген.

Футболшының келісімшарты 5 жылға есептелген. Дуэ дүйсенбіде (19 тамызда) командамен жаттығуды бастайды.

Өткен маусымда француз Бірінші лигада 31 матч өткізіп, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.