Қарағандылық «Сарыарқа» командасы алдағы Қазақстан чемпионаты маусымына арналған жаттықтырушылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Команда бас бапкері болып Владимир Князев қалады, оған Виктор Буяльский көмек көрсетеді. Жалпы физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы қызметін Дмитрий Главюк жалғастырады.

Жаттықтырушылар штабына жаңадан қосылған жалғыз маман — қақпашылармен жұмыс істейтін Макар Кармалин.