Қазақстан Республикасы Президентінің кубогында Қазақстан құрамасы «Амурды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Андрей Буяльский, Кирилл Панюков және Михаил Рахманов голдың авторы атанды.

Айта кетейік, турнирде «Барыс» пен Қазақстан құрамасынан бөлек хабаровскілік «Амур» мен тольяттилік «Лада» өнер көрсетіп жатыр. Командалар алдымен айналымдық жүйеде ойнайды, содан кейін финалдық орындарды анықтау үшін шешуші кездесулер өткізеді.