Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (21-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін 20 қыркүйекте Дублинде (Ирландия) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы француз Пьер Юбер Дибомб (22-1-1, 12 КО) болады. Бұл жекпе-жекте IBF International титулы екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Али үшін бұл 2024 жылғы үшінші жекпе-жек болмақ.

Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі 23 мамырда Детройтта (АҚШ) өтіп, онда ол костарикалық Энкарнасьон Диасты екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.